«Меруерт» кен орнында мұнай өндірудің алғашқы жұмыстары 2016 жылға жоспарланып отыр

None
None
күйектің 23-і. ҚазАқпарат / Руслан Ғаббасов/  - «Меруерт» кен орнында мұнай өндірудің алғашқы жұмыстары 2016 жылға жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанда өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайТеңіз» компаниясының бас директоры Ермек Марабаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, «Меруерт» блогына қатысты төрт құрылым бар. Алдын ала есеп бойынша онда алғашқы мұнай 2016 жылы өндірілетін болады.

«Бізде "Нарын" мен "Тұлпар" атты құрылымдар бар. Осы құрылымдардағы барлау жұмыстары келесі жылдан басталады. Осындағы жағдай іздестіру жұмыстарының нәтижесіне байланысты болмақ», деді Е. Марабаев.

Оның сөзіне қарағанда, «Меруерт» бойынша осы күнге дейін үш ұңғы бұрғыланып, "Әуезов" және "Хазар" атты екі құрылымнан мұнай табылған.  Бұл жақсы нәтиже екенін жеткізген ол, «бүгінде екі барлау ұңғылары мен бір бағалау ұңғысы бұрғыланды. Қазір біз өндірістік мұнайдың ағымын "Әуезовтен"  де және "Хазардан" да алдық»,  деді Е. Марабаев.

Соңғы жаңалықтар