Меркіге жақын маңда жүрген 3 қар барысы видеоға түсіп қалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында таулы аймақта қар барыстары камераға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, бұл жолғы қар барыстары Қырғыз Алатауының Меркі ауданына жақын бөлігінде байқалған.

Видеода 3 қар барысының қауіптен алыс, алаңсыз жүргендері анық көрінеді.

Меркі орман шаруашылығы директорының орынбасары Азат Еренсіздің айтуынша, орман шаруашылығының аумағында барыстар жиі пайда бола бастағандықтан 11 фототұзақ орнатылыпты. Оларды арнайы екі маман бақылайды.

Ол ғана емес, алдағы уақытта орман шаруашылығы «қызыл кітапқа» енген жануарларды барынша бақылау үшін SMART камераларын қолданбақшы.

Бұған дейін Меркі орман шаруашылығында бір жарым жыл ішінде фототұзаққа сегіз қар барысы түскендігі туралы жазылған болатын.



Соңғы жаңалықтар