Меркіде тұрғын үй ауласындағы 37 тонна шөп өртеніп кетті

None
None
МЕРКІ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Меркі ауданында шөпханадағы 1700 түк шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меркі ауданы, Меркі ауылы, Низами көшесі №41 «А», жеке тұрғын үйдің ауласында шөпхана отқа оранды. Ондағы 1700 түк шөп өртеніп, жалын 70 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Ағымдағы жылдың 24 тамызында таңғы сағат 4.07 – де Меркі ауданы, Меркі ауылынның №9 өрт сөндіру бөлімінің «101» нөміріне Меркі ауылының Низами көшесіндегі тұрғын үйдің аумағында шөпхананың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бөлімнің күштері мен құралдары жедел жөнелтілді. Тілсіз жау шұғыл әрекеттердің нәтижесінде сағат 4.30- да оқшауланып, сағат 5.10-да толық сөндірілді»,- делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге 7 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған. Жалпы, 37 тонна шөп өртеніп кеткен.


Соңғы жаңалықтар