Меркіде мұнай өңдеу зауыты іске қосылып, 70 жұмыс орны ашылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Меркі ауданында мұнай өңдеу зауыты ашылып, 70 адам жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбековтың айтуынша, «Са-Ба ЛТД» ЖШС-нің құны 662 млн теңгені құрайтын шағын мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау жобасына облыс әкімдігі қолдау көрсетіп отыр. Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

«Мұнай өңдеу зауыты 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп күтілуде. Соның арқасында 70 адам еңбекпен қамтылады»,-деп мәлімдеді аудан әкімі. 

Соңғы жаңалықтар