Меркіде ер адам 615 кг жабайы марихуанамен ұсталды

None
None
МЕРКІ. ҚазАқпарат -Жамбыл облысының полицейлері Меркі ауданының құмды аймағында 27 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдікті жабайы марихуананы орып, жинап жатқан жерінен қолға түскен. Бұл тура облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жиналған өсімдік көлемінің салмағы 615 келіні құрады. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындады, ол Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,- делінген ведомство xабарламасында.

Сондай-ақ, аталмыш департаменттің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Абай ауылының маңында «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөлігінің 35 жасар жүргізушісін тоқтатып, көліктің жүксалғышын тексеру барысында 15 келіден астам кептірілген марихуананы тапқан.

«Күдікті кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұxтарқұлова.

Соңғы жаңалықтар