+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы биыл ашылады

2021 жылғы 13 сәуір 01:56
Бөлісіңіз:
Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы биыл ашылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Меркі-Шу-Бурылбайтал жолына айрықша көңіл бөлінуде десек, оның құрылыс барысы облыс әкімінің тұрақты бақылауында. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Шу ауданына кезекті жұмыс сапары барысында Меркі мен Шу арасындағы тоғыз көпірге назар аударылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нығматулин: бюджетті игеру тиімділігі - Мәжіліс депутаттарының тұрақты бақылауында Астанада автожолдағы асфальт опырылып түскен Петропавлда мердігерлер жолды қайта жөндейтін болды

«Қазавтожол» РМК басшысы Айжан Туғанованың айтуынша, қазіргі таңда көпірлер 70 пайызға дайын. Қыркүйек айына қарай олардың құрылысы толығымен аяқталуы тиіс. Маусымға дейін үздіксіз жұмыс істеу үшін қажетті құрылыс материалдары жеткілікті.

Құрылысшылар жолдың биыл ашылатынын сендірді. Мұнда жұмысшыларға бөлгіш аралықтарды орнату, жақын маңдағы ауылдар мен мал айдауға арналған өткелдерді салу секілді жұмыстарды қатар атқаруға тура келуде.

«Барлық көпірлер жарықтандырылуы керек, жұмысты жандандырып, құрылысқа жергілікті тұрғындарды көбірек тарту маңызды. Әлеуметтік жауапкершілік туралы да ұмытпай, әлеуметтік мәселелерді шешуде жергілікті халыққа барынша қол ұшын созыңыздар, - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан «Қазсушар» РМК балансындағы Тасөткел шағын бөгеті күрделі жөндеуді талап етеді. 1940 жылдары салынған нысанның тозығы жеткен, көпір бойымен жүретін адамдар мен көліктер үшін қауіпті. Сонымен қатар, екі магистральдық канал осы жерден бастау алады десек, Олар – оң жағалау және сол жағалау каналдары.

ПУИД-2 жобасына келетін болсақ, «NTF Insaat Ticoret Limited Sirketi» түрік компаниясы ирригациялық-дренаж желісін қайта құру шараларын аяқсыз қалдырғандықтан, бүгінде тиісті жұмыстарды жергілікті «ТаразСтройИнвест» ЖШС қолға алған. Жұмыс қызу жүруде, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 мамырға дейін Андреевка, Подхоз және Госфонд каналдарын тазарту, қажет жерлерге науалар орнату жұмыстары аяқталуы тиіс. Нәтижесінде Дулат және Балуан Шолақ ауылдық округтерінің тұрғындары алдағы вегетациялық кезеңде суару суымен қамтамасыз етілетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT