«Меркі-Бурылбайтал» автожолына күрделі жөндеу жұмыстары басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жалпы ұзындығы 262 шақырым болатын «Меркі-Бурылбайтал» бағытындағы автожол 4 учаскеге бөлініп жөнделетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтожол» АҚ-ға сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, әуелі Меркі кентінен Шу қаласына дейінгі 86 км жол учаскесі 4 жолақты қозғалысы бар І-ші техникалық санатты жол ретінде қайта жарақталмақ. Ал, Шу қаласынан бастап Бурылбайтал ауылына дейінгі 176 шақырымды құрайтын 3 учаске 2 жолақты II-ші техникалық санаттағы жол ретінде жөнделеді.null

Соның нәтижесінде Тәтті, Шу, Бірлік елді мекендері арқылы өтетін жол толығымен жаңартылады.

Жолдың асфальт жабыны жаңартылып қана қоймай, сол жол бойында 6 көпір, 3 теміржол өткелі, 11 жарықтандырылған көлік айрығы, 276 су өткізу құбыры, аялдау алаңдары, автопавильондар салынады.null

«Аталмыш жолға төзімділігі жоғары, қиыршық тасты мастикалық асфальтбетон төселеді. Жобаны толық аяқтау 2022 жылдың маусым айына жоспарланып отыр» - делінген компания таратқан ақпаратта.

null

Соңғы жаңалықтар