Меркель Түркияны Еуроодаққа мүше ретінде елестете алмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ГФР канцлері Ангела Меркель қазір Түркияға Еуроодаққа мүше ретінде орын жоқ деп есептейді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Мен Түркияны Еуроодақ мүшелігінен көріп тұрған жоқпын және көрген де емеспін», - деді ол женсенбі күнгі ФГР министрлер кабинеті басшылығы қызметіне үміткер социал-демократ Мартин Шульфцпен пікірталас барысында.

Оның айтуынша, таяудағы Түркиядағы Германия азаматтарының ұсталуы мен байланыстың «экономикалық шаралар көмегімен» нашарлауына ГФР жауап беруі мүмкін. Ол «Түркия Еуропадан ерекше алыстап кетеді» деп есептейді.

«Мен Түркиямен дипломатиялық байланыстарды бұзуға ниетті емеспін», - деді Меркель екі ел арасындағы даму байланыстарының перспективасын айта келе. 

Соңғы жаңалықтар