Меркель тәліптермен келіссөз жүргізуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германия Федеративтік республикасының канцлері Ангела Меркель Ауғанстандағы «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөзді бастауды ұсынды. Германия министрлер кабинетінің басшысы бұл мәлімдемесін жексенбі, 5 қыркүйекте Хагенде (Солтүстік Рейн – Вестфалия) өткен баспасөз конференциясында жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ға сілтеме жасап.

ГФР канцлерінің айтуынша, осындай диалог мұқтаж ауғандықтарды эвакуациялау үшін қажет.

«Біз елден, атап өткенде немістің дамыту ұйымдарында жұмыс істеген, ал енді қауіпті жағдайда қалып қойған адамдарды шығарғымыз келеді», - деп қосып өтті Германия үкіметінің басшысы.

Ол осындай диалогтің Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл ретте неміс саясаткері Кабулдағы Хамид Карзай атындағы Халықаралық әуежайдың жақында ұшу үшін қайта ашылғанын «жақсы белгі» деп атаған.

«Талибан» радикалдары ГФР-мен берік дипломатиялық қатынас орнатуға ниетті.

ГФР-дың Сыртқы істер министрі Хайко Мас (Heiko Maas) бұған дейін тәліптермен келіссөздер жүргізуді қолдайтынын және олардың билігі кезінде белгілі бір жағдайда Ауғанстанға қаржылай көмек көрсетуге болатынын мәлімдеді. Атап өткенде, қаржылай көмек елде тек тәліптерден ғана емес құралған үкімет қалыптасса, адам құқықтары сақталса және Ауғанстан «лаңкестік қорғанына» айналмаса ғана көрсетіледі.

«Бізге ұнасын, ұнамасын, Ауғанстанда басқа өмір басталды. Енді бұрынғы жараларды жамайтын уақытымыз жоқ», - деп мәлімдеді Мас.

«Талибан» содырлары 15 тамызда Кабулға кіріп, ал 3 қыркүйек күні бүкіл Ауғанстанды жаулап алғанын жариялады. Вашингтон мәліметінше, Ауғанстанды тәлібтер жаулап алған кезден бері АҰШ және оның жақтастары елден 122 мыңнан астам бейбіт тұрғынды шығарған.


Соңғы жаңалықтар