Меркель ЕО пен ЕАЭО арасындағы диалогтың болуын жоққа шығармайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ГФР канцлері Ангела Меркель ЕО пен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арасында экономикалық мәселелер бойынша диалог болуы мүмкін деп есептейді.

Бұл туралы мәлімдемені ол жұма күні Флоренцияда Италияның премьер-министрі Маттео Ренцимен өткен кездесуден кейін жасады.

«Ресей проблемаларын шешудің кешенді мәселесі Украинадағы жағдайды реттеуге байланысты. ЕО пен жақында ғана құрылған Еуразиялық экономикалық одақ арасында экономикалық және сауда мәселелері бойынша диалог өтуі мүмкін», - деген Меркельдің сөздерін келтіреді ТАСС.

ГФР канцлері сондай-ақ «сауда блоктарын шешу» үшін шешімдерді іздеу қажеттілігін атады.

Соңғы жаңалықтар