Мэриленд штатындағы атыс екі әйелдің өмірін қиып кетті

None
None
МЭРИЛЕНД. ҚазАқпарат - Кэпитол-Хайтс қаласында (Мэриленд штаты, АҚШ) атыс кезінде кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның дерегінше, жұмада болған атыс салдарынан екі әйел мерт болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапқан бір әйелдің денесін ол жұмыс істейтін мекеме дәлізінен, ал екіншісін кеңсе ішінен тапты.

Телекомпанияның мәліметінше, күдікті ұсталды. Мэриленд штаты округінің басшысы Принс-Джорджс қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.


Соңғы жаңалықтар