Мэри Элис Хейуордпен кездесуінде Елбасы МАГАТЭ-мен ынтымақтастық деңгейінің жоғары екенін атап өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Мэри Элис Хейуордпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасы кездесу барысында Қазақстанның МАГАТЭ-мен ынтымақтастық деңгейінің жоғары және өзара іс-қимылының тиімді екенін атап өтті.

- Бүгінгі салтанатқа қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Қайтыс болған Амано мен Лассина Зербо мырза берілген марапатқа лайық деп санаймын. Қазақстан МАГАТЭ-мен белсенді жұмыс істейді. Біз ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан аумақтарды қалпына келтіру бойынша бірлесіп қызмет етеміз және төмен байытылған уран банкінің жұмысына қатысамыз. Біздің «Қазатомпром» компаниясы аталған Банктің жеткізушілерінің бірі», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Мэри Элис Хейуорд Елбасына МАГАТЭ-ні белсенді қолдағаны және бірлескен жобаларды жүзеге асыруда жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар