+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Мерейлі отбасы: Түркістанда ұлттық байқаудың облыстық кезеңі мәресіне жетті

2021 жылғы 9 қыркүйек 21:48
Бөлісіңіз:
Мерейлі отбасы: Түркістанда ұлттық байқаудың облыстық кезеңі мәресіне жетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Көпшілік арасында топ жарған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдағы отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған байқау қорытындысына арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше екеніне тоқталып өтті.

Байқауға қатысқан барлық отбасы мүшелеріне алғысын жеткізді.

«Әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық. Мәңгілік ел болуды мақсат тұтқан Қазақ елінің әрбір отбасының мерейі үстем болғай. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын»,- деді Сәкен Қалқаманов.

Байқау үздіктерін анықтау үшін арнайы құрылған комиссия шешімімен «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық конкурсының 1 орнын Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылының тұрғындары Жамаловтар отбасы жеңіп алды.

Ал, екінші орын Түркістан қаласының тұрғындары Усербаевтар отбасына бұйырды.

Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ұлттық байқауға қатысу үшін облыс бойынша 184 отбасы өтініш білдіріп, облыстағы барлық аудан-қалаларда ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 30 отбасы жеңімпаз атанған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT