«Мерейлі отбасы» байқауын Димаштың арқасында жеңіп алдық - Құдайберген Айтбаев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Құдайберген Айтбаев немересі Димаш Құдайбергенді атаның емес, елдің баласы екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Мерейлі отбасы» байқауы қорытындыланып, Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев отбасы құндылығы мен бала тәрбиесінде қандай қағиданы қатаң сақтайтынын айтты.

«Отбасында бірлік, сыйластық үзілмеуі керек. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмын. Бәрі үлгілі, өнегелі. Баланы қатаң тәрбиеледік. Үлкенге қарсы шықпау, кішіге құрмет көрсетуді үйреттік. Мектепте сабақтан қалуға болмайды, қоғамдық жұмыстарға қатысуы керек. Бәрі көнді, айтқанымызды екі етпеді»,- деді Құдайберген Айтбаев.

Айтбаевтар отбасы қарапайымдылығымен көпті тәнті етіп жүр. Әрі үлкенге құрмет көрсетіп, алдынан кесе өткен емес.

«Бас жүлде әуелі біздің, кейін елдің баласы болған Димаштың арқасында бұйырды деп түсінемін. Балаларға адами тәрбие беруге күш салдық. «Отан отбасынан басталады» деп айтамыз. Отанын сүюге, әдептілікке тәрбиеледік. Қандай жағдайда, деңгейде болса да адам қарапайымдылығынан айнымауы тиіс. Жұмысымды жүргізушіліктен бастадым. Сол кезде кеңшар директоры өте қарапайым адам болды. «Осы адамдай болсам» деп армандадым, қолым жетті. Бойыма қарапайымдылықты дарыттым. Тракторшы, жүргізуші, малшы, еден жуу болсын, бәрі адам. Қызметтен кейін сен қарапайым ғана адамсың, бірдейсің. Балаларымды да осылай тәрбиеледім. Димашым ата-әжесін папа-мама деп атайды. Себебі, бесікте жатқаннан жұбайым Миуа бақты, түн ұйқысын төрт бөлді. 5 жасында музыкалық мектепке апарды. Еңбегін қайтарып, баламыздың арқасында жеңімпаз атандық»,- деді Құдайберген Айтбаев.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауында Димаш Құдайбергеннің інісі Мансұр күй орындап, Света Айтбаева пен қызы Раушан ән айтты. 
null 

Соңғы жаңалықтар