+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Мерейлі отбасы: Атырауда ерлі-зайыпты теміржолшының әулеті жеңімпаз атанды

2021 жылғы 11 қыркүйек 02:28
Бөлісіңіз:
Мерейлі отбасы: Атырауда ерлі-зайыпты теміржолшының әулеті жеңімпаз атанды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Мерейлі отбасы» конкурсында ерлі-зайыпты теміржолшының әулеті жеңімпаз болып танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында үш компания қылмыстық топ көмегімен 715 млн теңге салықтан жалтарған Атырауда көпбалалы отбасыларға арналған баспана құрылысы екі жыл бойы тоқтап тұр Теңіз кенішінде вакцина алғандарға қосымша ақша төленетіні туралы ақпарат жалған

Құрметті теміржолшы Құрманбек Кенжешовтің отбасы Исатай ауданында тұрады. Ол осы салада 44 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Оның өмірлік жары Гүлден

Мұхамеджанова да теміржолда жұмыс істеген.

«Еңбек жолымды 1969 жылы Құрманғазы ауданында шөп шабатын механизаторға тіркеуші болып бастадым. Әскерден оралған соң, 1971 жылы теміржол саласына ауыстым.

Әуелі Ганюшкиндегі №57 дистанциясында жол жөндеуші болдым. Екі жылдан кейін дистанция басшылары Жамбыл қаласына 11 айлық курсқа жіберді», - дейді Құрманбек

Кенжешов.

Жары Гүлденнің айтуынша, отағасы екеуі 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеген. Оған қоса қайын әпкесінің 4, қайын ағасының 5 баласына да қолдау көрсеткен.

«Қайын атам соғысқан қатысқан. Тұңғыш неремесі өмірге келгенде, қуанышында шек болмады. Ал енеміз мені қызындай бауырына тартты. Білмегенімді үйретті, ақыл-кеңесін берді. Екеуі де «тату-тәтті, қайырымды, қарапайым болыңдар, бірлікке ұйыңдар» деп отыратын. Осының бәрі қайталанбайтын өнегеге толы тәрбие ғой. Қазір мен де

келіндерімді қызымдай көремін. Бір үйде екі бала-келінмен бірге тұрамыз» -дейді Гүлден Мұхамеджанова.

Ерлі-зайыпты теміржолшылардың балалары әр салада жұмыс істейді. Айбек пен Төлеби мұнай саласын таңдаған. Мейрамгүл мен Анаргүл – мұғалім, Бақыт – мемлекеттік

қызметші. Медициналық колледжге оқуға түскен Махамбет қазір әскер қатарына аттанған. Әке-шешесінің еңбек жолын ұлы Асылбек жалғаған.

«Теміржолда 2006 жылдан бері вагон құрастырушы болып жұмыс істеймін. Бұл саланы таңдауыма әке-шешемнің еңбекқорлығы әсер етті. Құрметті теміржолшы атанған әкем

мен оған қолдау білдірген шешемді үлгі тұтамын. Олардың абыройлы ісін жалғастыру –парызым», - дейді ұлы Асылбек.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы

анықталғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT