+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Мерейлі отбасы: 91 жастағы тыл ардагерінің отбасы жеңіске жетті

2019 жылғы 30 мамыр 18:11
Бөлісіңіз:
Мерейлі отбасы: 91 жастағы тыл ардагерінің отбасы жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл байқау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимовтың айтуынша, конкурсқа қатысу туралы сәуір айында БАҚ-та хабарланды. Оған бір ай бойы экономиканың әр секторында жұмыс істейтін 70-ке жуық астаналық отбасы құжат тапсырды. Нәтижесінде құжаттары барлық талапқа сай келген 43 отбасы арасынан жеңімпаздар анықталды.

«Байқау жеңімпаздары конкурстық комиссия отырысында ашық дауыс беру арқылы анықталды. Әділ қазы құрамына қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңестің мүшелері, ЖОО ғылыми қызметкерлері және мәслихат депутаттарынан 15 адам енді. Байқауға қатысу үшін отбасы ең алдымен көп балалы болуы керек. Әулеттің түрлі сала бойынша қоғамға қосқан үлесі болуы қажет. Және ең бастысы - сол әулеттің балаларының жетістіктері, оқу озаттары, спорт, ғылым бойынша марапаттары болуы керек», - деп түсіндірді әкім орынбасары.

Осылайша, «Мерейлі отбасы» Нұр-Сұлтан қалалық байқауының бас жүлдесін Қойбақовтар әулеті жеңіп алды және қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Қойбақовтар - Ұлы Отан соғысы батыры мен тыл ардагері, батыр анадан тараған әулет. Әулеттің анасы Бакира Нысанбайқызы 91 жаста. Әжей 10 баладан 32 немере, 31 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр. Бұл үйде 3 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 2 заң қызметкері, 3 медицина маманы бар. Сонымен бірге, 7 адам әскери қызмет атқарады.

Байқаудың жүлделі І орыны Дүйсенғазы жанұясына берілді. Ақын Дүйенсғазы ата мен Гүлсім әжей 8 бала тәрбиелеген. Барлығы өлең шығарумен, суырыпсалма ақындығымен танылған. Солардың бірі - елімізге танымал ақын, айтыскер Серікзат Дүйсенғазы.

«Мерейлі отбасы» қалалық байқауының ІІ орыны екі отбасыға берілді. Олар - ұстаздықпен еңбегі сіңген көпбалалы Дәуешовтер жанұясы және рухани тәрбиені насихаттаушы Мәлжанбай әулеті. Жүлделі ІІІ орын да Оспанқұловтар мен Қадырбаевтар отбасына бірдей берілді. Екі әулетте де үбірлі-шүбірлі 8 баладан тараған.

Салтанатты марапаттаудан соң жеңімпаз жанұяларға танымал эстрада әншілері өнер көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT