Мерекелік тарту: Көкшетауда балалардың электронды кітапханасы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда балалардың электронды кітапханасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ашылған кітапхананы қалпына келтіру жұмыстарына 3,6 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазіргі заманға сай жабдықталған кітапханада электронды құжаттардың әр түрлі коллекциясы бар. Сондай-ақ, навигация және іздеу құралдарымен жабдықталған.
null 

Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Айгүл Әбішеваның айтуынша, кітапхана базасындағы коворкинг орталықта жастардың интеллектуалды және шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Мұнда интернетке қосылған компьютер, тегін WI-FI бар. Сондай-ақ, кітап оқуға, сурет салып, мультфильм көруге болады.

«Жаңа форматтағы кітапхана қорында 11 056 жуық әдеби кітаптар бар. Оның ішінде 2 366 кітап мемлекеттік тілде жазылған», дейді Айгүл Әбішева.
null 

Балалардың электронды кітапханасында болған Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жастарға арналған коворкинг орталықтың жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Аймақ басшысы бастамашыл топтар мен белсенді жастарға алдағы уақытта да қолдау көрсетілетіндігін айтып, сәттілік тіледі.

null null 

Соңғы жаңалықтар