Мерекелік концерт, оркестрлер шеруі: Алматы Рәміздер күнін қалай атап өтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күні тойланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстаннның мемлекеттік рәміздері Отанымыздың тарихы мен дәстүрін және халқымыздың қайталанбас ерекшелігі мен ұлылығын паш ететінін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап  Президенттің барлық бағдарламалары мен реформалары қарапайым  қазақстандықтарға, ең алдымен жастарға бағытталды. Биылғы жылы жарияланған Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы жас отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, студенттік жатақханалар мәселесін шешуге, сапалы жоғары білім алуға кең мүмкіндік береді. Осынау базалық басты негіздер әрбір жас адамның өз әлеуетін жүзеге асыруға, табысқа жетуіне жол ашады», - деді қала басшысы.

nullАйта кету керек, биыл қалада жастарға арналған қалалық «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы одан әрі жалғасатын болады. Баспаналар жас отбасыларға алғашқы жарнасыз 5% несиемен беріледі.  Ол үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. 3 мыңға жуық баланы мектепке дейінгі біліммен қамту үшін жеке балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс ұлғайды. Оған 850 млн теңге бөлінді. Қарт адамдарды белсенді өмірге тарту үшін аға ұрпаққа  арналған «Белсенді ұзақ өмір» арнайы бағдарламасы жасалды.

nullМемлекеттік рәміздер күні құрметіне «Халық Арена» мұз кешенінің сахнасында әскери оркестрлер ұжымдары мен қазақ эстрадасы жұлдыздары, соның ішінде Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Әли Оқапов және басқалары өнер көрсетті.

Сонымен қатар, бүгін  Панфилов көшесі бойымен Абай атындағы опера және балет театрынан Жібек жолы көшесіне дейін оркестрлердің мерекелік шеруі  өтетіні жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар