Мереке Нұрмұханова Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы болып Мереке Нұрмұханова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М ереке Нұрмұханова 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын республикалық журналдың тілшісі болып бастады. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының ақпарат бөлімінде редактор-жүргізуші, «Жетінші» республикалық телеарнасында арнайы тілші болып жұмыс істеді.
2023 жылдың қаңтар айына дейін Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болды.


Фото: t.me/oqu_agartu

Соңғы жаңалықтар