Мереке күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет ел аумағында 22 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жырасының әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады. Тек еліміздің оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман сақталады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік жартысында жел күшейіп, оңтүстігінде найзағай күтіледі», - деп жазды синоптиктер.


Соңғы жаңалықтар