Мереке күні ауа райы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 16 желтоқсан -ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, атмосфералық циклонның және онымен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республика бойынша барлық жерде жауын-шашын болады.

Қазақстанның оңтүстік-батысында, күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Ақмола, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болуы ықтимал.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын, Жамбыл, Қызылорда, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін ұйтқиды. Жамбыл облысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді.

Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар