Мереке күні 400-ден астам елордалық отбасы баспаналы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтанов 400-ден астам отбасына пәтер кілтін табыс етті. Баспаналы болған отбасылардың 24-і көпбалалы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін астаналық отбасыларға қала әкімдігінің тапсырысымен «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында тұрғызылған 364 пәтер кілті табыс етілді, оның 182-і тұрмысы төмен отбасы.

«Қазіргі таңда тұрғындарды баспанамен қамту бағытында нақты шаралар қабылданып, бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде бүгінгі мерекеге байланысты 400-ден астам астаналық баспаналы болды. Бұл әр отбасы үшін ерекше қуаныш. Жалпы биылғы жоспар бойынша 1,9 мың пәтерден тұратын 7 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі», - деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.

Еске сала кетсек, Б.Сұлтанов жуырда елордалық көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылармен кездесу барысында әкімдіктің тұрғын үй мәлесесіне қатысты биылғы жоспарымен таныстырған болатын.

null

«Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды толғандыратын басты мәселелердің бірі тұрғын үй. Бүгінде бас қалада 45 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр, оның 20 мыңының тұрмысы нашар, көпбалалы және мүгедек мүшесі бар отбасылар. 22 мың отбасы мемлекеттік қызмет және бюджет қызметкерлері. Қазіргі уақытта осы тізімдегілердің 188-іне пәтер берілді, жалпы жоспар бойынша биыл 781 пәтер берілуі тиіс, бірақ бұдан бөлек жыл соңына дейін әлеуметтік жағынан осал топқа жататын отбасыларға қосымша қаржыландыру есебінен тағы 1 800-1 900 пәтер беріледі», - деді қала басшысы.

null

Соңғы жаңалықтар