Мереке күндерінен кейін КВИ жұқтыру көрсеткіші күрт өсті – Сархат Бейсенова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордада COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай былтырғыдай Құрбан айт мерекесін толық көлемде атап өтуге мүмкіндік бермей отыр. Қалада соңғы 3 күнде тәулігіне 1000-нан астам коронавирус инфекциясы тіркелген. Өткен тәулікте 1549 жағдай тіркелген, өсім – 1,9%-ды құрады.

Соңғы аптада 7989 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы аптадан 44,23%-ға жоғары, жағдайлардың орташа тәуліктік тіркелуі 950-ден 1550-ге дейін өсті. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші 540,7-ден 672,2-ге дейін өсті, репродуктивтік саны – 1,3», - деді спикер Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіндегі брифингте.

Оның айтуынша, күрт өсудің негізгі себептері де бұрынғыдай халықтың шектеу талаптарын сақтамауы, маска тақпауы, өткен мереке күндері жаппай жиналатын орындарға баруы болды.

«Бұған дейін осындай өсім жаңа жыл, 8 наурыз, 22 наурыз мерекелерінен кейін байқалған болатын. Сондай-ақ эпидемиологиялық анамнезді жинау кезінде қаладан тыс демалыс орындары мен аймақтарына шығу, шомылу кезінде адамдардың топталуынан әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы анықталып отыр. Жалпы сырқаттанушылықтың 80,4%-ын ересектер, 16,7%-ын балалар және 2,9%-ын жасөспірімдер құрайды», - дейді С. Бейсенова.

Науқастардың 22,7% - 30-39 жаста, 27,6% - 40-59 жаста, 16,3% - 18-29 жаста және 13,8%-ы 60 жастан асқан егде жастағы адамдар.


Соңғы жаңалықтар