Мереке күндері терезеден 2 бала мен бойжеткен құлап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен мереке күндері елімізде екі бала мен бір бойжеткен терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің хабарлауынша, 9 мамыр күні Өскемендегі Қазақстан көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатынан кішкене қыз бала құлап, ауруханаға жеткізілген. 2015 жылғы бала сол күні ата-анасының қарауынсыз қалғаны анықталып отыр.

«Осыған ұқсас қайғылы жағдай Нұр-Сұлтанда да тіркелді. Бауыржан Момышұлы көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатынан 2001 жылғы бойжеткен құлап, әртүрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген. Сондай-ақ, Қарағандыда Күзембаев көшесінде 2015 жылғы бала үшінші қабаттан құлаған», - делінген комитеттің хабарламасында.

ҚР ІІМ ТЖК азаматтарға абай болуды және баланы қараусыз қалдырмауды еске салады.

Соңғы жаңалықтар