Мереке күндері қосымша үш жолаушы пойызы жүреді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы желтоқсан мерекелері - ҚР Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушы пойызы қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1) №202/201 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2021 жылғы 15, 26, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 2 және 7 қаңтарда, кері Шымкент стансасынан 2021 жылғы 16, 27, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда жөнелтіледі.

2) №204/203 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы-1» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2021 жылғы 15, 27, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда, кері Алматы-1 стансасынан 2021 жылғы 16, 28, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 4 және 9 қаңтарда жөнелтіледі.

3) №206/205 «Ақтөбе-Қызылорда» пойызы Ақтөбе стансасынан 2021 жылғы 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсан, кері Қызылорда стансасынан 2021 жылғы 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсан жөнелтіледі.

Бұдан басқа, жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады.

Карантин режиміне байланысты жолаушылар жол жүргенде және вокзалдарда бетперде режимін сақтауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар