Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді
2021 жылғы 30 желтоқсан 13:08

Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және мереке күндері ХҚО мен автоХҚО-лар 1,2, 3, 4 және 7 қаңтарда жұмыс істемейтінін хабарлайды.

5 және 6 қаңтарда барлық ХҚО-лар штаттық режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Мемлекеттік корпорация қызметтердің 93%-ы онлайн тәсілмен қолжетімді екенін еске салады.

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, @kenes1414bot телеграм-боты арқылы ала алады.

«Сондай-ақ азаматтарға 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, бөлімдердің жұмыс кестесін және қажетті құжаттар пакетін алдын ала білуге кеңес береміз» деп ескертеді корпорациядан.


Jańalyqtar

MURAǴAT