Мереке күндері 20 астаналық тамақтан уланып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда Жаңажылдық мереке күндері 20 адам тамақтан уланып қалды. Бұл туралы Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылыдң 30 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында қалалық инфекциялық ауруханаға өткір бактериялық-ішек инфекциясы диагнозымен 20 адам жүгінді. Олардың 16-сы ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаторлық ем алу үшін тұрғылықты жерлеріне жіберілді», - делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, балалар инфекциялық ауруханасына өткір бактериялық-ішек инфекциясы диагнозымен 1 бала жатқызылған.

«Барлық пациенттердің жағдайы орташа ауырлық деңгейі ретінде бағаланады. Олар аурухана мамандарының бақылауында», - деді басқармадан.

Соңғы жаңалықтар