Мердігерлердің сапасыз жұмысы газдан да қауіптірек - ҚазТрансГаз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын газдандыру нысандарында сапасыз құрылыс-монтаждау жұмыстары фактісі артып келеді. Бұл жайында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мәліметінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдау нәтижелеріне қарағанда, мердігер ұйымдардың сапасыз жұмысы мен газ құбыры желісіне қызмет көрсетуге қаржы бөлінбеуі газ тарату желісінің бұзылуының басты себебі болып отыр. Биылдың 9 айында еліміздің газ тартылған бес өңіріндегі құбырда 2 848 ақау анықталған. Газ тарату желісі бұзылуының 95 пайызы әкімдіктер тапсырысы бойынша салынған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарында болған. Осы жұмыстардың сапасы көбіне талаптарға сай келмейді және қауіп төндіруі мүмкін.

«Көп жағдайда «ҚазТрансГаз» АҚ енгізген инновациялық технологиялардың арқасында төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкін болды. Қазіргі кезде арнайы автомобильдермен жабдықталып, ондағы құрылғылар 60 метр радиуста газ шығып жатқан құбырды анықтай алады», - делінген хабарламада.


Мамандардың айтуынша, барша газ инфрақұрылымы стратегиялық нысандар қатарына жатқызылады. Осы орайда ол елді мекендердің схемасында тіркеледі. Сонымен бірге, жөндеу бригадаларында құрылыс пен жөндеу жұмыстары жүретін орынды сканерлейтін құрылғылар болуы керек. Дегенмен ТКШ-ның кейбір жергілікті мердігерлері тиісті талаптарды елемей, қауіп төндіреді.


Соңғы жаңалықтар