Мердігерлер 51,2 млн теңгеге жол жұмыстарын қайта жасады – мемлекеттік бақылау

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері барлық автожол жобалары және жергілікті желідегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптау жүргізілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол жөндеу жұмыстары мен пайдаланылатын жол-құрылыс материалдарының сапасына жіті назар аударылып отыр. Биыл жыл басынан бері барлық автожол жобалары және жергілікті желідегі жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау 52 пайызға артқан. Жол-құрылыс материалдарының 3299 үлгісі таңдалып, сынақтан өтті, 503 сынама нормаларға сай келмейді», - деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.

Жалпы жыл басынан бері мердігерлердің өз қаражаты есебінен 51,2 млн теңгеге жұмыстар қайта жүргізілген.

«Аумақтық сәулет және құрылыс басқармасының шешімімен екі техникалық қадағалау компаниясына жалпы сомасы 2,1 миллион теңге айыппұл салынды, бір техникалық қадағалау аттестаты алты айға тоқтатылды», - деді Индустрия министрі.

Бұған дейін Индустрия министрі жол сапасы бойынша әкімдердің рейтингі жасалатынын хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар