+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мердігерді шақырамыз – Арыстың әкімі жарылыстан соң салынған сапасыз үйлер жайлы

2020 жылғы 24 маусым 14:15
Бөлісіңіз:
Мердігерді шақырамыз – Арыстың әкімі жарылыстан соң салынған сапасыз үйлер жайлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек жарылыстан кейін салынған үйлердің сапасына шағымдардың түсіп жатқанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алтай Көлгінов ұзаққа созылған құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды Петропавлда шаңғы базасының аумағын қалпына келтіруге 70 млн теңге жұмсалды БҚО шенеуніктері Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінді

Арыстағы жарылыстан соң салынған үйлердің сапасыз екені жайлы шағымдар түсуде. Былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен үйлердің кей жерін тұрғындардың өзі жөндедік деп отыр. «Бұл жайлы не айта аласыз?» деген сұрақ қойылды Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбекке ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

Арыстың әкімі шынында да мұндай сұрақтардың туындап жатқанын растады.

«Қала бойынша 7635 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондықтан ішінде бірен-саран ондай жағдайлар тіркелуі мүмкін. Бұл заң шеңберінде шешілетін мәселе. Егер тұрғын үйге жөндеу жұмыстарынан кейін белгілі бір ақаулар шыққан жағдайда шартта көрсетілгендей мердігерді шақырып, үйді жөндеп береміз. Жалпы мұндай шағымдар жыл басынан бері бірен-саран түсуде. Ол бойынша тиісті шараларды қабылдадық. Мердігерлер өзіне міндеттеме алған. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін Арыс қаласының әкімі жарылыстан кейін зақым келген 7635 үйдің көбі жөнделіп, кейбірі қайта салынып халықтың игілігіне берілгенін мәлім еткен еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT