Менингококкпен күрестегі дәрігерлердің басты кемшілігі не

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова дәрігерлердің менингококк жұқпасына қарсы шаралардағы басты кемшіліктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Отырысқа қатысып отырғандарыңыздың, экраннан көріп отырғандарымның барлығы өз ісінің кәсіби маманы екендігіне дау жоқ. Сіздердің әрқайсыңызды білемін деп те айта аламын. Бірге үлкен жұмыс атқардық. Дегенмен, көңілдеріңізге қаяу түсірсем де айтарым, көптеген проблемаларыңыз қалып отыр және бұл проблемаларды әлі күнге дейін шеше алмай отырсыздар», - деді Тамара Дүйсенова «Нұр Отанның» орталық аппаратында барлық өңірлермен бейнеконференция арқылы өткен жиында. 

Оның атап өтуінше, ең басты кемшілік денсаулық сақтау ұйымдарындағы орындаушылық тәртіптің төмендігі болып отыр.

«Сіздер оған дұрыс мониторинг жүргізбейсіздер. Алексей Владимирұлы, бұл ведомстволарыңыз жетекшілік ететін ұйымдарға да қатысты», - деді партияның жауапты хатшысы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойға қарата.

Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау ұйымдарында жұқпалы ауруларға қатысты сақтықтың да жоқтығын сынады.

«Міне дәл осы бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына барынша нұқсан келтіріп отыр. Бүгінде 24 сағат медициналық қызмет көрсететін кәсіби дәрігерлер жоқ деп айта алмаймын.  Дегенмен, бүгінгі күні орын алып отырған ахуал осы екі проблеманың әлі күнге бар екендігін және оны шеше алмағандығымызды көрсетіп отыр», - деді ол.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова менингококктің таралу себебімен емес, салдарымен күресіп жатқанымызды, менингококке шалдыққандардың барлығын бір антибиотикпен емдеуге болмайтындығын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар