Менингококк инфекциясының өршуі: Алматылықтарға мешітке бетпердемен бару ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ - Алматыда дәрігерлер менингококк жұқпасының ушығып тұрғанына алаңдаулы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандар алғашқы белгілері көрініс бере бастағанда жедел жәрдем шақыруға кеңес береді.

«Тұрғындар арасында менингококк жұқпасының өршуіне байланысты алғашқы белгілері: тамақтың жыбырлауы, ауруы, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, жайсыздық болған жағдайда жедел жәрдем шақырған жөн», -деді қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінен.

Осыған байланысты қалада емханалар таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00 дейін үзіліссіз жұмыс істейтін болады.

Қазір екі ауруханада 24 адам менингококк жұқпасынан емделіп жатыр. 6 адамға клиникалық диагноз қойылды. Дәрігерлер науқастардың жағдайы жақсы деп бағалап отыр.

«Ауруханаға дер кезінде қаралмаған жағдайда адам өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан, адам көп шоғырланған жерлерге барған кезде гигиеналық талаптарды сақтау маңызды. Мешіттерге барғанда бетперде тағып жүрген жөн», - деді мамандар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, соңғы 2 аптада Алматыда дəрігерлерге 57 адам жүгінген. Оның 29-ында диагноз расталды. Алматыда менингококк жұқпасынан төрт адам қайтыс болды - ер адам, әйел, студент және 5 жасар бала. 

Менингококк инфекциясы - бактериялар қоздыратын жіті инфекциялық ауру. Сырқаттың  жұғу симптомы сезілмейді, назофарингит (мұрын және жұтқыншақ қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанға тарап кетуі) секілді түрлі клиникалық белгіде өтеді.



Фото: thenypost.files.wordpress.com

Соңғы жаңалықтар