Менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақты - Жандарбек Бекшин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде менингококк инфекциясына байланысты жағдай тұрақталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір республикада менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақтандырылды. Бүгінгі таңда 1 сырқаттанушы бар ол Ақтөбе облысында емделуде. Ал жалпы жыл басынан бері  91 менингококк инфекциясы жағдайы тіркелген.  Еліміз бойынша аталған инфекцияны жұқтыру 100 мың адамға шаққанда 0,5 көрсеткішті құрайды, бұл шекті деңгейден 4 есе төмен», - деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, еліміздің бас санитары қызылша ауруының бүгінгі жағдайы туралы да айтты.

«Үстіміздегі жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, елімізде қызылшаның 201 жағдайы тіркелген, оның  ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 173 ( 85%), аталған ауру жағдайын 100 мың тұрғынға шаққанда 0,08 бұл шекті деңгейден 3,4 есеге төмен. Дегенмен Еуропа елдерінде бұл ауру түрі өршіп тұрғанын ұмытпау керек, атап айтсақ, 2018 жылдың 1 қарашасы бойынша Еуропа елдерінде 70 мыңнан астам жағдай тіркелген», - деді ол.

Одан бөлек, Ж.Бекшиннің сөзіне қарағанда, Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда тері лейшманиозы 63%, гименолипедоз 48%, лямблиоз 15%, ЖРВИ 13%, бруцеллез 12,7 %, дизентерия 11%, энтеробиоз 7%, туберкулез 6%-ға төмендеген.

«Ауа райының суытуына байланысты ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану маусымы басталады. Осыған байланысты қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірлерде тиісті шаралар қолданылды. Осы жылы тұмауға қарсы 1 млн 600 вакцинация сатып алынып, ол 2 025 842 адамға егілді», - деді Ж.Бекшин.   

Соңғы жаңалықтар