Менингокок жұқпасынан екпе алу міндетті емес - дәрігерлер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері менингокок жұқпасынан екпе алу жалпыға міндетті емес екендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың айтуынша, Алматыда аталған жұқпаның А және В серотиптері таралып жатыр. Бұл жұқпаға қарсы екпелер Ресейде, Швейцарияда, Германияда жасалады.

Алматыға мұндай екпелер мамыр айының соңында жеткізіледі.

«Менингокок екпелері мамыр айының соңында Алматы емханаларына жеткізіледі. Бірақ ол тегін медициналық көлеміне кірмейді. Елімізде ауруларға қарсы вакцинопрофилактика күнтізбесі бекітілген. Менингокок жұқпасы бұл күнтізбеге кірмейді. Екпелер жекеменшік емханаларда ақылы түрде жасалады. Былтыр ол 22 мың теңге тұрған. Биыл қанша боларын білмеймін», - деді қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Былтыр 2 мың екпе сатылып алынған екен.

«Негізінен екпені қажылыққа, шетелге шығатын адамдар алады. Жаппай екпе алудың қажеті жоқ. Бұл ауру тез таралатын індетке жатпайды. Жұқпалар қоршаған ортаға төзімді емес», - деді ол.

Айта кету керек, Алматыда соңғы 1 айда менингокок жұқпасынан 3 адам: 2 ересек, 1 бала көз жұмды. 

Фото: whitesandstreatment.com

Соңғы жаңалықтар