Менингитке шалдыққан сарбаздың жағдайы ауыр -басқарма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисембаева менингогок ауруына шалдыққан мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ШҚО-дағы әскери бөлімдердің біріндегі әскери қызметшіні санавиация желісі арқылы Мақаншы ауылынан аса ауыр жағдайда алып келді. Оның 24 мамырда қатты ауырып қалғанын білдік. Науқастың басы ауырып, температурасы 40-қа дейін болды. Медициналық санитарлық бөлімнің қызметкерлерімен ол Мақаншыдағы ауруханаға жеткізіліп, невролог қарауынан өтіп, инфекционисттің кеңесін алған. Ақыры, шұғыл түрде санитарлық авиация арқылы Алматы қаламысының ҰКҚ ауруханасына жеткізілді», - деді Әсел Бисембаева Нұр-Сұлтандағы инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша республикалық штабтың отырысында.

Оның айтуынша, жолда сарбаздың денесінен діріл байқалған.

«Инфекциялық шоктың үшінші сатысындағы белгімен оның жағдайы аса ауыр екені белгілі болды. Дәрігерлердің консолиумы оның жағдайын тұрақтандыру бойынша шешім қабылдады. Келесі күні пациент Алматы қаласының клиникалық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды. Оған менингогок инфекциясы, бас миының ісінуі, тыныс жолдарының бұзылуы диагнозы қойылды», - деді спикер.

Әсел Бисембаева хабарлағандай, пациент туралы шұғыл хабарлама әскери бөлімнің санитарлық бөлімшесіне жолданған.

«Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне де хабарланды. Емдеу зерттеу диагностикасының хаттамасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда пациент жағдайының жақсару динамикасы байқалады. Десе де, жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы бірқалыпты ауыр», - деп түйді ол.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының әскери бөлімшесінде менингит инфекциясын жұқтырған сарбаз Алматыға жеткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар