+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Менингитке қатысты елдегі ахуал қандай

2018 жылғы 3 қараша 04:36
Бөлісіңіз:
Менингитке қатысты елдегі ахуал қандай

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы 2 қарашадағы менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясына қатысты 85 оқиға тіркелді. Қазіргі уақытта республикада менингококк инфекцияның спорадиялық жағдайлар тіркелуде. Ақмола облысында менингококк инфекцияға күмәнді 1 жағдай тіркелген», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Министрліктің хабарлауынша, жалпы эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

«Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгініп, оның барлық ұсынымдарын орындау қажет. Гигиенаны сақтап, ғимаратты жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жүргізу керек», - делінген министрлік таратқан нұсқауларда.

Сонымен қатар мамандар салқын тиюден, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен сақтанып, қорғану керектігін алға тартуда

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT