«Менің туым, Менің Отаным!»: Алматы облысының тұрғындары челленджге үн қосты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғындары «Менің туым, Менің Отаным!» атты республикалық челленджіне қолдау білдіріп, тұрғын үйлердің қасбетіне Қазақстанның жалауын ілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған тұрғындарының айтуынша, бұл челлендж азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін күшейтуге ықпал етеді.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Мемлекеттік рәміздер – бұл мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз бұл күннің маңыздылығын ұмытпауымыз керек», - дейді 16 қабатты тұрғын үйде тұратын Гүлнәз Ермұратова.

Сонымен қатар, қала тұрғындары да күнтізбедегі ең маңызды күнді мерекелеу үшін жүзеге асырылған шығармашылық істі бағалады.

«Мен осы ықшамауданның тұрғынымен. Мойын созып қарағанда көк Туымыз көзіме оттай басылды. Өте әдемі көрінеді. Тәуелсіздік күні мен мемлекеттік рәміздерге әрқашан ерекше мән беруге тиіспіз деп санаймын», - дейді қала тұрғыны Аяужан Болат.


Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Менің туым. Менің Отаным!» челенджі бүкіл республика бойынша басталды. Бұл акцияны қазақстандықтар оң қабылдады.Олар әлеуметтік желілерде арнайы жабалармен, фото және бейне материалдармен бөлісіп, #Мойфлагмояродина, #МеніңтуымМеніңелім #ЦветМоейРодины хэштегтерімен Тәуелсіздікке тартуларын жариялап жатыр. Айта кетейік, Үкімет қаулысымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға және тұрғын үйлердің балкондарына Мемлекеттік туды ілуге рұқсат етілген болатын.


Соңғы жаңалықтар