Менің Туым, менің Отаным: Ақмола облысы патриоттық акцияға үн қосты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ауылдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Туым, менің Отаным» патриоттық челленджі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тарап жатқан бейнежазбадан Зеренді ауданы Игілік ауылының бір топ қазақ жігіттері ақсақалдың ақ батасын алып, салт атпен еліміздің көк байрағын желбіретіп келе жатқанын көруге болады.

Салт атылардың соңынан ілесе жол талғамайтын көлік көк тумен жүріп келеді.

Ал келесі бейнежазбада қолына көк ту ұстаған Сәуле ауылының жігіттері сайын далада тұлпарларын жосылтып, құмайын жүгіртіп келеді.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің Туым, менің Отаным» челленджін жалғастырамыз. Кеңащы ауылы жолдаған челленджді Сәуле ауылы қабыл алып, көршілес Құдықағаш ауылына тапсырамыз», - дейді Сәуле ауылының жігіттері.

Желі қолданушылары да акцияға қатысушыларға қолдау білдіріп, жылы лебізін жазды.

Бурабай ауданында бастау алған «Менің Туым, менің Отаным» патриоттық акциясына облыстың бірқатар аудандарындағы ауылдар атсалысып жатыр.



Соңғы жаңалықтар