«Менің Туым»: Қарағандылықтар патриоттық акцияға үн қосты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігі күніне Қарағанды қаласы тұрғындары патриоттық акцияға үн қосып, балкондарына ту ілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев қала тұрғындарын тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Мереке қарсаңында #менің туымменіңотаным челленджін бастап отырмын. Осы жылдың айтулы оқиғасы - халқымыздың ұлы перзенті Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай қаламызда қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт болып дамуымызға серпін беретін іс-шаралар өткізілуде. Осындай маңызы зор тарихи күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәттілік, зор жетістік тілеймін», - деді ол.

Құттықтау сөзінің соңында ол эстафетаны №38 гимназияның 11-сынып оқушысы София Морозоваға жолдады.

«Тәуелсіздік бізге бақыт пен егемендік әкелді. Халқыма зор денсаулық, барлық жақсылықты тілеймін», - деді София Морозова.

Аталған челлендж осылай жалғасын тауып, оны Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры Нұрсахан Бейсенбекова, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, Абай атындағы №101 мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Жадыра Баймолдина, Қарағанды қадасының арлагерлер кеңесінің төрағасы Тілеубек Зейнешев, «Лучик надеждыә БМКО ҚБ Директоры, Қарағанды қалалық мәслихатының директоры Татьяна Кравченко қабылдап, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Менің туым, менің Отаным» челленджін Балқаш қаласына жолдаймыз!», - дейді Қарағанды жастары.


Соңғы жаңалықтар