«Менің Туым!»: Алматылықтар көк байрақты балкондарына іліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар ҚР Тәуелсіздігі күніне орай жаппай патриоттық акцияға үн қосуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада көпқабатты үйлердің балкон, терезелеріне Мемлекеттік ту іліне бастады.

Осылайша, жалпыхалықтық акцияға үн қосып, бір-біріне деген жүрекжарды тілектерін жеткізіп жатыр.

Желі қолданушылары #менің туымменіңотаным хештегімен көк байрақты ұстап суретке түсіп, ғаламтор желісінде таратуда. Ал жас буын өкілдері – оқушылар Тәуелсіздік мерекесіне жыр жолдарын арнап жатыр.

Айта кетейік, республика көлеміндегі акцияға кез келген тұрғын қолдау білдіре алады.

Бір өңірде автокөліктердің шеруі, Ту ұстап, атқа қонған жастардың шеруі ұйымдастырылса, өзге отандастарымыз Мемлекеттік рәмізді балкондарына ілуде.





Соңғы жаңалықтар