Менің Қытай туралы танымым Джеки Чан киноларынан басталған - Димаш Құдайберген

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің Қытай елі туралы танымы Джеки Чан киноларынан басталған.

Бұл туралы ол Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чанмен кездескен сәтінде айтты, деп жазады қытайлық ent.news.cn ақпараттық сайты.

«Мен кішкентай кезімнен сіздің киноларыңызды ерекше сүйіп көретінмін. Сіз түскен кинолардың дискілері үйде том-том болып тұрады. Менің Қытай елі туралы танымым Джеки Чан киноларынан басталды десем, артық айтпаймын. Бала күнімізде бір-бірімізбен ойнап төбелескенде, мен үнемі «Джеки Чан» болатынмын. Бір жолы ата-анам базардан сіздің суретіңіз басылған дискі алып келіп қатты қуантқан еді. Алайда дискінің ішіндегі басқа кино болып, әке-шешеме өкпелеп қалғаным бар», - дейді Димаш Құдайберген.
null  

Өз кезегінде әйгілі актер Димаш Құдайбергенге өнерін әрі қарай дамытып, әншілік пен бірге сазгерлік қырынан да көрінуін айтқан.

Еске салайық, Димаш Құдайберген 6 ақпан күні Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чанмен кездесіп, мегажұлдызға қазақи шапан жауып, домбыра сыйлаған болатын.

null  

Соңғы жаңалықтар