+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

«Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды

2020 жылғы 16 қазан 09:40
Бөлісіңіз:
«Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасын іске қосты Түркістанда композитор Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті Оралда Дәулеткерей мен Науша күйшіге арналған республикалық байқау өтеді

Ән марафоны атақты композитор, ән өнерінің әйгілі майталманы, қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі, ҚР Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналды.

Қазақ əн өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова бастаған халықаралық музыка челленджіне əлемнің 30-дан астам мемлекетінен 1000-нан астам азамат қатысты. Жалпы «Менің Қазақстаным» эстафетасы 300 мыңнан астам көрерменді қамтыды.

Ақтоты Райымқұлова «Менің Қазақстаным» челленджіне атсалысқан ҚР Сыртқы істер министрлігіне, алыс-жақын шет елдердегі қандастарымызға, еліміздегі барлық концерт ұйымы мен жеке орындаушыға алғыс айтып, «Арыс жағасында» əнін тарту етті.


«Міне, Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі композитор, Қазақстан Республикасы Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты ән шеруін тәмамдадық. Қазақ музыкасының алтын дауысы Бибігүл Ахметқызы Төлегенова бастаған музыкалық марафон бірлігімізді бекемдеп, патриоттық сезімімізді биіктетті. Жобаға әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен мыңнан астам қатысушы атсалысты. Халықаралық ән эстафетасын әлеуметтік желілер арқылы 300 мыңнан астам адам тамашалады. Музыкалық челленджге атсалысқан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, алыс-жақын шет елдердегі елшіліктер мен қазақ диаспораларына, өңірлік концерттік ұжымдарға, жеке орындаушыларға зор құрметпен алғысымды білдіремін«, - деді Ақтоты Райымқұлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT