«Менің елім-2023» мотожорықшылары Ақтаудан Қазақстанды аралауға аттанды

Фото: Фото: өңірлік коммуникация
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Менің елім-2023» мотожорық мүшелері Ақтаудан Қазақстанды аралауға сапарға аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 адамнан құрылған мотошерушілер Атырауды бетке алды. Әрі қарай Орал-Ақтөбе-Шымкент-Алматы-Өскемен-Астана-Көкшетау-Петропавл-Қостанай бағытымен жүреді. Жоспар бойынша сапар 15 маусым күні Ақтауда аяқталады.

Мотокеруеннің мақсаты - қазақстандықтардың мотоспортқа деген қызығушылығын арттыру, біртұтастық пен бірлікке үндеу.

Сапар барысында ақтаулық мотошерушілерге әр қаладан байкерлер қосылатын болады.

«Еліміздегі мотоспорттың дамуына септігіңізді тигізіп жатсыздар. Сәттілік!» деді Маңғыстау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының м.а. Айбек Имашев.



Соңғы жаңалықтар