«Менің атым - Қожа», «Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу» түрік тіліне аударылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық кітапханасының залында түрік тілінде жазылған қазақ жазушылары кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа», Тайыр Жомартбайұлының «Қыз көрелік», Спандияр Көбеевтің «Қалың мал», Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» шығармалары түрік тілінде жарық көрді. 

Баспадан бұл кітаптардың әзірге алғашқы сигналды нұсқасы басылып шыққан. Қайта қаралып, түзетулер енгізілгеннен кейін қалың оқырманға жол тартады. 

Жоба демеушісі - Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Кечиорен ауданының әкімі  Мұстафа Ақ. Әкім бастаған делегация мен Түркияның Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз шараның құрметті қонағы болды. 

«Бүгін біз үшін маңызды күн. Ата қонысымызда қандастарымызбен бас қосқанымызға қуаныштымыз. Ұлы мәдениетіміздің иісі түркі халықтарына ортақ екені мәлім. Осы шараға қолдау білдіргеніміздей, алдағы уақытта да халықаралық мәні бар жобаларға атсалысамыз. Соңғы жылдары достық, бауырластығымыздан бөлек, тілдік, мәдени қарым-қатынасымыз дамып келеді. Бүгінгі қазақ зиялылары еңбектерінің түрік тіліне тәржімалануы, тиісінше түрік авторлары шығармаларының қазақ тілінде жарық көріп жатқаны - осының дәлелі»,-деді Анкара қаласындағы Кечиорен ауданының әкімі Мұстафа Ақ. 

Айта кету керек, Балалар әдебиеті баспасының бастамасымен Орхан Кемаль, Мехмет Сарай, Мехмет Рауф, Айкут Эртугру, Сунгу Гюрай сынды түрік авторларының кітаптары қазақ тіліне аударылған. Қазіргі таңда қолжазбаларды кітап қылып шығару үшін Алматы баспаларымен келіссөз жүріп жатыр.

 

null 

Соңғы жаңалықтар