Менің арманым - сал ауруымен ауыратын науқастарды аяғынан тік тұрғызу - «Бизнес - Өрлеу» байқауының жеңімпазы Елдос Баялышбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кеше жас кәсіпкерлер үшін үлкен оқиға болған «Бизнес-Өрлеу» байқауы өз мәресіне жетті. 10 жас кәсіпкер өз бизнесін бастауға бастапқы капиталға қол жеткізді. Олардың ішінде үшеуі үздік үштіктен көрінсе, қалған 6 жобаға да инвестиция салынатын болды. Ақтөбе облысынан қатысқан 1 топ мүгедегі, Болат Халықбаевқа қолдау ретінде 1 млн теңге берілді.

Ал, жүлделі бірінші орынға ие болған Талдықорғандық мүмкіндігі шектеулі азамат Елдос Баялышбаев 5,5 млн теңгені өзінің орталығын дамытуға салмақ. Салтанатты марапаттау шарасынан кейін онымен тілдесудің реті келді.

- Елдос, сен аталған байқауға қандай жобамен келдің?

- Менің сал ауруымен ауыратын науқастарға арналған шағын спорттық оңалту орталығым бар. Ашылғанына 5 айдай уақыт болды. Оған жаттығу залы, ипотерапия бөлімі, бассейн кіреді. Бұл кәдімгі адам ұзақ уақыт тұра алатын баспана. Болашақта мен бұл орталықта бір мезетте 20-40 адам емделе алатындай етіп кеңейтуді мақсат тұтып отырмын.

- Бес ай ішінде орталық қанша адамға көмек беріп үлгерді?

- Осы уақыт аралығында 8 өңірден 35 адам келіп емделді. Олардың 6-ы ходунокқа тұрса, 5-і еңбектеуді үйренді. 10 адам өздігінен жүріп-тұруды үйренді. Осы уақыт аралығында 20 бала емделді. Олардың қолдары ұсақ моторикаға машықтанды. Мен өзім де болашақта медициналық білім алғым келеді. Менің бар арманым - өзім сияқты адамдарға көмек көрсету. Оларды барынша тәуелсіз еткім келеді.

- Байқау барынша әділ өтті деп ойлайсың ба?

- Иә. Мен осы уақытқа дейін мұндай жоғары дәрежеде өткізілген байқауды көрмеппін. Бізді нағыз кәсіби мамандар оқытты. Орын алмағанның өзінде қатысушылар қажетті білім қорын жинады. Ол жастарға өмірлік азық болары сөзсіз.

- Мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіп жатқан қолдауы көңіліңнен шыға ма?

- Әрине, қазір мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Қазақстан бірте-бірте кедергісіз ортаға айналып келеді. Түрлі конкурстар ұйымдастырылуда. Жұмыспен қамтуда да үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Қалада қозғалуымызға ыңғайлы болу үшін инватакси беріліп жатыр. Мәселен, бүгін мен жеңімпаз атандым. Бұл менің өзіме деген сенімділігімді арттырып, өзгелермен тең екенімді сездіреді», - деді Елдос Баялышбаев.

Соңғы жаңалықтар