+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Мені тірі деп танысын: Қостанай тұрғыны өзінің өлмегенін сотта дәлелдеді

2019 жылғы 19 тамыз 22:33
Бөлісіңіз:
Мені тірі деп танысын: Қостанай тұрғыны өзінің өлмегенін сотта дәлелдеді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Сот шешімен Қостанай қаласының тұрғыны тірі адамдардың тізіміне енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыста маусым айының ортасында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Халыққа жақын» акциясы өткен болатын. Оның барысында департаментке ер адам жеке сұрағымен жүгінген. Ол өзінің қайтыс болған адамдардың тізіміне енгенін айтқан. Мұны жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін ХҚО-ға барған кезде білген.

«Қостанай тұрғыны жергілікті әкімдіктен көмек сұрап келген. Бұл мәселені Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент ерекше бақылауға алды. Ер адамға тиісті талап-арыз жасауға, тірі деп тану үшін қажетті дәлелдемелерді жинауға көмек көрсетілді. Міне, осыдан кейін қалалық сот азаматтың арызын қанағаттандырып, соттың бұрынғы шешімін бұзды», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Аида Бажирова.

Департаменттегілер осындай акциялардың халыққа түрлі мәселелерді шешу кезінде қажет екенін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT