Мені өлді деген ақпаратқа сенбеңіздер - Димаш Құдайберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің өлгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенбеңіздер оларға. Мен тірімін. Туыстарым интернетте мұны көрсе қайғыға батады ғой. Баршаға бақыт тілеймін. Ендігәрі бұлай істемеңдер, достар», - деп жазды имаш Инстаграмдағы парақшасында.

Әнші "Димашты машинасында қан-жоса ғып өлтіріп кетті» деген жазбаның скрин-шотын да салған.

Жазбада жалған ақпараттың дереккөзі көрсетілмеген. Димаштың осы жазбасы бірнеше сағатта 15 мың лүпіл, мыңдаған пікір жинап үлгерді.

Соңғы жаңалықтар