Мен жұмысқа таңғы сағат 8-де барып отырамын - министр Қасымбек Астанадағы кептелістер жайында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астананың бүгінгі кептелістерге қатысты өз ойын қысқа ғана жауаппен жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналистердің "Астанадағы бүгінгі кептелістер сізге сезілді ме? Әдеттегі уақыттан ерте шығуға тура келген жоқ па?" деген сұрағына министр Қасымбек: "Мен күнде жұмысқа таңғы сағат 8:00-де барамын. Ертерек", - деп қысқа ғана жауап берді.

Айта кетейік, елордада толассыз жауған қардың салдарынан бүгін таңертең ұзын-сонар кептелістер пайда болды. Астаналықтар бір-екі аялдаманың қашықтығын бір сағаттың ішінде әрең жүріп өтті. Көбісі жұмысқа кешігіп келді. Үкімет мүшелері де жұмысқа кешігіп, отырысты белгіленген уақытта бастай алмады. Осыған байланысты Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қала әкімі Әсет Исекешевтен есеп беруді талап етіп, "Әсет Өрентайұлы, биылғы қыс сіздің алғашқы сынағыңыз!", - деп, оның осы сынақтан сүрінбей өтуіне тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар