+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

«Мен жастарға сенемін» республикалық жастар форумының жеңімпаздары анықталды

2021 жылғы 26 қараша 01:09
Бөлісіңіз:
«Мен жастарға сенемін» республикалық жастар форумының жеңімпаздары анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін» республикалық патриот жастардың форумы өтті. Дәстүрлі түрде тоғызыншы мәрте өткізіліп отырған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат төрағасы: Жастар «Елдіктің жеті тұғырын» ту етуі керек 2025 жылға дейін ауылдағы 10 мың жас жұмысқа орналасады Нұрсұлтан Назарбаев жастардың есіне Алаш өсиетін салды

Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – инновация мен шығармашылықты ұштастыру арқылы жастар патриотизмін дамыту.

«Мен жастарға сенемін» форумы аясында республика бойынша студенттердің ғылыми жұмыстары қабылданды. Жарысқа барлық өңір қатысып, үздік деп танылғандар 1 жылдық тегін грантқа ие болды.

«Мен жастарға сенемін» республикалық форумының гран-при иегерлерінің бірі – Семей мемлекеттік медицина университетінің студенті Дамир Шадибекұлы.

Ол «Дәрігер – ардақты мамандық» бейнеролик байқауына өзінің туындысын ұсынып, жеңіске жетіп отыр.

«Жастардың еңбегін бағалап, мүмкіндік беретін бүгінгі форумның маңыздылығы өте жоғары. Осы форумды өткізуге мұрындық болған барша ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», – деді Дамир Шадибекұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT