Мен үшін «бауырсақ бала» жеңімпаз! - Димаш Ержан Максимді құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атақты әнші Димаш Құдайберген Инстаграмдағы парақшасында «Голос. Дети» конкурсының финалында өнер көрсеткен Ержан Максимді құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайберген «бауырсақ бала» Ержан Максимнің финалдағы өнерін тамашалап шыққанын айтып, оған алдағы уақытта сәттілік тіледі.

«Бауырсақ бала!.. Қазағымның бағына біткен баласың. Жеңісің құтты болсын, Ержантай. Алар асуларың көп болсын. 100 млн-нан астам халықтың арасынан 2-орын алу деген үлкен жетістік. Бірінші орынды қыз балаға жігіттік танытып бере салғаның да дұрыс болды. Нағыз джентельмен сондай болады. Барлық қатысқан бүлдіршіндерді құттықтаймын. Бірақ, мен үшін Ержантай жеңімпаз!», - деп жазды Димаш.

Бұған дейін оралдық әнші Ержан Максимнің ресейлік «Голос. Дети» конкурсының финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз. Алайда, қазақстандық әнші қатысқан конкурстың қорытындысына байланысты дау туындады.

Соңғы жаңалықтар